қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2024

Жас зерттеушілердің ғылыми білімі мен құзыреттілігін арттыру

 

2024 жылдың 5-15 ақпан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Action Research» виртуалды зертханасының базасында «Action Research - педагог-зерттеуші моделін қалыптастырудың негізі» білім беру бағдарламасы бойынша жас зерттеуші ғалымдарға арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

 

Курстың мақсаты - кәсіби тәжірибеге зерттеудің Action Research сынды бейресми нысандарын енгізудің теориясы мен технологиясын зерделеу негізінде жас зерттеушілер, докторанттар, магистранттардың ғылыми-зерттеу белсенділігін ынталандыру және арттыру.

 

Курстың ашылуында университеттің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, ғылыми және инновация жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев,  Академиялық сұрақтар департаментінің директоры Хайрулла Жанбеков, Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева, Абай атындағы ҚазҰПУ-ң профессор-зерттеушісі Айман Берікханова құттықтау сөзін сөйледі.

 

Курстың білім беру бағдарламасы 6 маңызды модульді қамтиды: Action Research шетелдік үлгілері, мұғалімдердің зерттеушілік әрекетін түрлендірудегі Action Research-ң рөлі, деректерді жинау және интерпретациялау әдістері, тәжірибеге кіріктіру, зерттеу нәтижелерін бағалау және рефлексиялық тәжірибе, тәжірибені өзгертуге байланыстыAction Research нәтижелерінің тұрақтылығы. Курс тренерлері Кембридж университетінде біліктілікті жетілдіру барысында алған құнды білімдерімен бөлісті, Classroom платформасында рефлексиялық тапсырмалар жинағын және өзін-өзі дамытуға қажетті ресурстарды құрастырды. Қатысушылар педагогтердің зерттеу белсенділігін арттыру және кәсіби тәжірибені жақсарту үшін осындай бейресми зерттеулердің пайдасы мол екенін айтып, курстың өтуіне жоғары баға берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу