қазақша · русский · english
 
 
 
27.02.2024

Абай университетінің постдокторанты Термез мемлекеттік педагогикалық институтында семинар өткізді

 

2024 жылдың 23 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің PhD, постдокторанты Азиза Жунусбекова Термез мемлекеттік педагогикалық институтында (Термез қ., Өзбекстан) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын AP14871883 «Hyflex технологиясы арқылы болашақ педагогтердің кәсіби жетістігін қамтамасыз ету» ғылыми жобасы аясында «Hyflex технологиясын гибридтік оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда гибридтік оқыту мен  HyFlex технологиясының өзектілігі, принциптері, сондай-ақ «Гибридті білім беру технологиясы» оқулығы сияқты мәселелер талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу