қазақша · русский · english
 
 
 
29.02.2024

«Мамандығым - мақтанышым» студенттер сайысы

 

2024 жылдың 28 ақпанында Абая атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының ұйымдастырумен «Мамандығым - мақтанышым» студенттік конкурсы өтті.

 

Конкурс 2 кезеңнен тұрды: І кезең - Мамандықты таныстыру; ІІ кезең - Мамандықты практикалық тұрғыда жүзеге асыру. Сайысқа Педагогика және психология институтының 6 білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар қатысты. Студенттер сайыста өздерінің барлық педагогикалық шеберліктерін жан-жақты замануи талапқа сай көрсетті.

 

Қазылар алқасы құрамында: пед.ғ.к., доцент Алмагүл Айтпаева, институт директорының әлеуметтік-тәрбие жөніндегі орынбасары Сәуле Шолтай, аға оқытушылар: Нұрғайша Кудушева, Лайля Сахиева болды.

 

Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу