қазақша · русский · english
 
 
 
29.02.2024

Мамандығым-мақтанышым

 

2024 жылдың 29 ақпанында Абай университеті Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен мамандықтар арасында «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында студенттік конкурс өткізілді. Конкурсқа бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Мариям Бекбаеваның жетекшілігімен «Bastau» командасының мүшелері - «6В01303-Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қатысты. 

 

Конкурс екі кезеңнен тұрды: 1 - Мамандықты таңыстыру; 2 - Мамандықты практикалық тұрғыдан жүзеге асыру.

 

Конкурс нәтижесінде «Bastau» командасы үшінші орынды иеленіп, Алғыс хатпен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу