қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2024

Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінің түлектерімен кездесу


2024 жылдың 4-сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты Бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Жанкушков Бауыржан Оразайұлы Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінің бітіруші түлектерімен семинар-тренинг өткізді.

 

Колледж түлектеріне кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы барысында 95 жылдам астам тарихы бар, педагог кадрларды даярлау ұстаханасы, білімнің қара шаңырағы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жетістіктері мен мүмкіндіктері туралы ақпаратпен таныстырылды.

 

Іс-шараның мақсаты - педагогикалық мамандықтарды кеңінен насихаттау, педагогикалық жұмыстың беделін көтеру, Абай атындағы ҚазҰПУ-ге түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Семинар-тренинг интербелсенді түрде өтті. Семинар-тренинг барысында колледж бітіруші түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ризашылықтарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу