қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2024

 1 курс студенттері үшін «Ауызашар»


2024 жылдың 5 сәуірінде Педагогика және психология институтының арнайы педагогика кафедрасы «Арнайы педагогика» 1 курс студенттері үшін ауызашар ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты - жастарды дәстүрлі қазақ мәдениетінің рухани құндылықтарына тәрбиелеу және ұлттық әдет-ғұрыптарды сақтау.


Іс-шараға  кафедра меңгерушісі  А.Н.Аутаева бастаған профессор-оқытушылар құрамы, «Арнайы педагогика» мамандығының 1 курс студенттері және қонақ ретінде Алматы қаласы, Алатау ауданы «Қазақ аналары» «Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысты.


Ақ кимешек киген ардагер оқытушылар мен іс-шара қонақтары білімгерлерге ұлттық мәдениет, қазақ дәстүрлері жайлы әңгімелеп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу