қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2024

Студенттерді интерактивті оқытуда мұғалімнің құралы ретінде білім берудегі сторителлинг


2024 жылдың 08 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ  Педагогика және психология институты педагогика кафедрасы Ғылым онкүндігі аясында «Студенттерді интерактивті оқытуда мұғалімнің құралы ретінде білім берудегі сторителлинг» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өткізді.


Іс-шараны Институт директоры Г.А. Абаева құттықтау сөзімен ашты. Ол білім беру процесінде оқытудың инновациялық әдістерін қолдану қажеттілігін ашып, ғылым онкүндігін өткізудің маңыздылығын, педагогтар мен білім алушылардың кәсіби өсуі үшін белсенді қатысуын өзектендірді.


Педагогика кафедрасының меңгерушісі Колумбаева Ш. Ж. дәстүрлі Ғылым онкүндігіне қатысушыларды құттықтай отырып, кафедра педагогтарының онкүндік шеңберінде кәсіби құзыреттілікті дамытуға арналған іс-шаралар циклін ұйымдастыруға және өткізуге қатысуына назар аударды. Барлық іс-шаралар өте қызықты және тәжірибеге бағытталған.


Республикалық онлайн-семинардың спикері педагогика кафедрасының аға оқытушысы А.Д.Танатова болды. Баяндамада А.Д.Танатова қатысушылардың назарын университет оқытушыларының сабақтарда студенттердің оқу-танымдық қызметін жандандыратын және олардың коммуникативтік қабілетін дамытатын әртүрлі сторителлинг түрлерін қолдану қажеттілігіне аударды. Семинарда білім беру мәселелерін, жастардың қауіпсіздігі және оларды табысты әлеуметтендіру мәселелерін шешуде сторителлингтің артықшылықтары ашылды.


Онлайн семинар 35-тен астам адамды қамтыды. Семинарға Қазақстан Республикасының түрлі жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатысты: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен, Қарағанды мемлекеттік университетінен, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінен, Павлодар педагогикалық университетінен, Каспий Университетінен, Сүлеймен Демирел университетінен.


Семинарға қатысушылар Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика кафедрасының меңгерушісі Ш.Ж. Колумбаеваға өзекті тақырып бойынша республикалық онлайн семинар ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыстарын білдірді. 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

  alt=  




Кері оралу