қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2024

«Өз елім менің - өзегім менің» жалпыуниверситеттік виртуалды викторина

 

2024 жылдың 11 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым онкүндігі аясында Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы 1 курс студенттері арасында «Өз елім менің-өзегім менің» тақырыбында 4-ші жалпыуниверситеттік виртуалды викторина өткізді. Ұйымдастырушылар-кафедра меңгерушісі Ш.Ж.Колумбаева, профессор-зерттеуші А.Е.Берикханова, доцент Ж.К.Ибраимова, аға оқытушылар Ф.Б.Асилбаева және Б.Б. Атабекова, оқытушы А.С.Қосшығұлова.Викторинаға қатысушылардың барлығы Қазақстанның тарихы мен географиясы, салт-дәстүрлері мен мәдени дәстүрлері, ұлттық ойындары, танымал тұлғалардың өмірі мен қызметі, Тәуелсіз Қазақстанның тарихына қатысты сұрақтарға қуана жауап берді. Викторина «Quizizz» платформасында өтті, бұл ойыншылардың жеңісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етті. Виртуалды викторинаның жеңімпаздары: 1 орын - Мырзабек Аида, Филология институты; 2 орын - Рахымжан Ақбота, Филология институты; 3 орын - Өткірбекқызы Дана, Жаратылыстану және география институты; 4 орын - Әбіл Ұлбала, Филология институты; 5 орын - Нажимадтинова Нурия, Филология институты. Викторина жеңімпаздары салтанатты түрде дипломдармен марапатталды. 

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу