қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2024

«Абай даналығы - кемел адам концепциясы» танымдық дәрісі

 

2024 жылдың 11 сәуірінде Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасына қарасты «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының 1 курс студенттеріне «Абай даналығы - кемел адам концепциясы» тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты Рыскен Әбішова дәріс оқыды. Ардагер ұстаз өз дәрісінде хакім Абайдың қара сөздеріндегі ұлттық құндылықтарды ұрпағымыздың бойынa сіңіріп, жаһандану жағдайында кемел адам қандай болуы керек, келешек ұрпақты ұлтжандылыққа, отаншылдық пен салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулу, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғaларды тәрбиeлеу - болашақ ұстаздар алдындағы басты міндеті екендігі туралы айтты. Іс-шара барысында студенттермен диалогтық әңгіме болды, ұлттық тәрбие, рухани құндылық төңірегінде сұрақтар қойып, жауаптар алынды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу