қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2024

«Action Research үздік тәжірибелерінің тұжырымдамасы және панорамасы» идеялар фестивалі

 

2024 жылдың 11 сәуірінде Ғылым декадасы - 2024 аясында «Action Research сияқты зерттеудің бейресми нысандарын практикаға интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамыту теориясы мен технологиясы» АР 14872311 жобасын орындаушылар «Action Research үздік тәжірибелерінің тұжырымдамасы мен панорамасы» тақырыбында идеялар фестивалін ұйымдастырды.

 

Фестивальда Педагогика және психология институтының директоры Г.А.Абаева және Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Б.О. Сапаргалиева құттықтау сөздерін сөйледі.

 

Жоба жетекшісі А.Е.Берікханова «Action Research негізінде ПОҚ зерттеу белсенділігін арттыру тұжырымдамасының» презентациясымен таныстырып, Action Research институционалдық қолдауының мүмкіндіктері және перспективаларымен бөлісті.

 

Арнайы Шақыртылған ХББ НЗМ мұғалімдерінің шығармашылық командасы: Д.К.Байділдинова, М.А.Мұқанова, Б.Л.Себепбаева, А.Ж.Байжұманова, Р.А.Искакова, А.Х.Халитова, Ж.Ж.Муканова, Ж.К.Мукашовалар және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдары: PhD И.Райымбекова, постдокторант А.Жунусбекова постерлер галереясында Action Research бойынша өздерінің зерттеу инсайттарымен таныстырды. Идеялар фестивалінде спикерлер оқытылатын пәндер шеңберінде жүргізілетін бейресми зерттеулердің құнды тәжірибелері, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің интеграциясы, оңтайлы шешімдері және олардың нәтижелерімен бөлісті.

 

Фестиваль соңында Абай атындағы ҚазҰПУ мен ХБҒ НЗМ ынтымақтастығының келешегі талқыланып, қатысушылардың сындарлы пікірлері тыңдалды және спикерлерге сертификаттар табысталды. Абай университетінің ПОҚ, жас ғалымдар, докторанттары «Action Research» бойынша зерттеулерге қызығушылық танытып, зерттеу белсенділіктерін арттыруға ниет білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу