қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2024

Ғылыми баттл: «Заманауи әлемдегі құқықтық нигилизм»

 

2024 жылдың 27 қарашасында Алматы қаласындағы №134 лицей КММ-де «6В01101 - Педагогика және психология» мамандығының 3 курс (3 ж.) және 4 курс студенттері Милана Аскарова, Любовь Осина және Виктория Заводовская «Заманауи әлемдегі құқықтық нигилизм» тақырыбында ғылыми баттл өткізді.


Ғылыми іс-шара «Bilim zhane Bolashak» халықаралық білім беру жобасы аясында офлайн-онлайн форматта өтті. Ұйымдастырушылар - Педагогика және психология факультеті (Ақтоты Ақжолова, Сауле Исалиева), Өнер факультеті (Әлия Момбек), Eurasian Scientific and Methodological Journal "East-West" for master and doctoral students, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті (Абульфат Палангов, Гульнара Хасполадова), Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы (Роза Акмагамбетова), «№ 134 лицей» (Сауле Сосанова, Венера Окасова).


Шараға Алматы қаласы №34, №46 гимназия, №134 лицейдің 10-11 сынып оқушылары, пән мұғалімдері, педагог-психологтар және шақыртылған сарапшылар қатысты. Ғылыми баттл сарапшысы Рысты Керимбаева болды (М.Х.Дулати Тараз университеті).


Ғылыми баттлға қатысушылар бірінші айналымда «Бейне визиткаларды» ұсынса, екінші айналымда «Құқықтық ликбез» викторинасына қатысты. Ал, үшінші турда «Құқықтық сана», «Құқықтық түсінік» және «Құқықтық мәдениет» ұғымдары бойынша өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар құқықтық нигилизм негіздеріне тоқталып, жалпы қорытындыға келді. Қатысушылар баттлға белсене қатысып, қарсыластарына сұрақтар қойып, өз ойларын ғылыми фактілерімен дәлелдей отырып, мысалдар мен қарсы дәлелдер келтірді.


Аудитория құқықтық нигилизм тақырыбына, құқық және құқықтық сана мәселелеріне қызығушылық танытты, ғылыми баттл жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайтудағы маңызды қадам болды және халықаралық ғылыми-танымдық жобаның қалалық және республикалық кезеңдерін бастады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу