қазақша · русский · english
 
 
 
18.12.2019

Республикалық жас тарихшылар байқауы

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «U38» университеттер альянсінің «Өлкетанушылар мен этнографтар» клубының қолдауымен «Ұлы дала аманаты» тақырыбында 2019 жылдың қазан айынан желтоқсан айының ортасына дейін Республикалық Жас тарихшылар байқауы өтті.


Байқаудың басты мақсаты - студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруға жағдай жасау, ғылыммен айналысуға қызығушылығын дамыту, жас ғалымдарды заманауи мәселелерді шешуге қатыстыру, дарынды және талантты жастарды таңдау әрі оларға қолдау көрсету.


Байқауға қабылданатын жұмыстардың негізгі бағыттары келесідей болды:
1. Ұлы Даланың рухани және мәдени келбеті: тарихи зерттеулер;
2. Ұлы даланың жеті қыры және Қазақстан археологиясы;
3. Алтын Орда: құрлықтар мен өркениеттер тоғысында;
4. Музей ісі және мәдени мұра;
5. Аманаты архивтерде сақтаулы Ұлы Дала тарихы;
6 Этнология ғылымындағы жаңашылдық пен дәстүр.

 

Байқауға Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты атынан 1-курс, «8D01601-Тарих» мамандығының докторанты Крупко Игорь мен 3-курс, «5В011400-Тарих» мамандығының студенті, «Tariqha sayahat» клубының жетекшісі Кәрімбаева Омирниса қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсете отырып, байқаудың үшінші кезеңіне жолдама алды.


2019 жылдың 12 желтоқсан күні «Ұлы дала аманаты» тақырыбындағы Республикалық Жас тарихшылар байқауының қорытынды кезеңі болып, марапаттау рәсімі өтті.


Республикалық Жас тарихшылар байқауының нәтижесі бойынша Тарих және құқық институтынан қатысқан 1-курс, «Тарих» мамандығының PhD докторанты Игорь Крупко жүлделі III-орын иеленсе, 3-курс, «5В011400-Тарих» мамандығының студенті Кәрімбаева Омирниса конкурстың дипломанты атанды.


Байқауға қатысушылардың жетекшісі - академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Далаева Теңлік.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу