қазақша · русский · english
 
«Айтылған тарих» ғылыми орталығы
 
 
 Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы
«Айтылған тарих» ғылыми орталығының директоры
Т.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының ҰҒА-ның академигі
Жамбыл көшесі, 25, каб. 12
 8-701-252-57-46
aitylgan_tarikh@mail.ru

 

«Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы

 

Орталықтың қызметі ауызша естеліктерді талдауға, оларды өңдеу саласында зерттеу жұмыстарын жүргізуге, «Айтылған тарих» саласында мамандар дайындауға, ауызша деректерді пайдалануға ықпал ететін академиялық ресурстарды ұйымдастыруға және қолдауға бағытталған.


Адамдардың ауызша естеліктері тарихи тұрғыдан әртүрлі құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сұқбаттау әдістемесі, сұрақ, транскрипция тәсілі, материалдарды интерпретациялау белгілі бір академиялық дәстүрге сүйенетін зерттеудің бастапқы мақсаттарына байланысты. Сұхбат алу және талдау әдістері көптеген нұсқаларға ие. «Айтылған тарих»


ғылыми бағыт ретінде пәнаралық байланыстарға, белгілі бір ғылыми салаларда тұжырымдалған әдістермен және тәсілдермен алмасуға мүмкіндік береді.


«Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің бағыттары:
- сұхбатты жазу және транскрибирлеу;
- ақпараттық қолдау;
- мамандарды даярлау;
- зерттеу жобалары;
- ауызша материалдар мұрағатын құру.

 

«Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығын құрудың негізгі мақсаттары:
- зерттеушілер, студенттер және жалпы қоғам үшін ауызша сұхбат және ауызша тарих стенограммаларын тарату, «Айтылған тарих» зерттеулері негізінде адамдардың естеліктерін сақтау;
- өткен тарихи оқиғалардың куәгерлерінің/замандастарының естеліктері арқылы жаңа тарихи фактілерді анықтау;
- Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивінде ауызша естеліктер қорын құру және оны маңызды материалдарымен мерзімді толықтыру;
- алынған мәліметтер негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.


«Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығының басты міндеттері:

-ғылыми-зерттеу және сараптау-талдау қызметін жүзеге асыру, мамандарды даярлау;
- ауызша тарих бойынша магистранттар, докторанттар, ғылыми қызметкерлер және университет оқытушылары, сондай-ақ ауызша тарихқа мүдделі тұлғаларға қосымша кәсіби білім алуды ұйымдастыру;
- Орталық жүргізетін ғылыми зерттеулердің бағыттары бойынша отандық және әлемдік тәжірибені зерделеу және қорыту;
-Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми-педагогикалық құрамы мен магистранттарын, докторанттарын, сондай-ақ ауызша тарихқа қызығушылық танытқан тұлғаларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту;
- университеттің білім беру және тарихи зерттеулер орталығы ретінде дамуына қатысу;
- «Айтылған тарих» саласында зерттеу жұмысын жүргізетін халықаралық қоғамдастықтармен бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру.