Тарих және құқық факультеті |
27.01.2020
«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы мен «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңның ортақ ұстанымы бар
2020 жылдың 24 қаңтарында Тарих және құқық институтында профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар арасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы мен «Педагог мәртебесі туралы» Заңы талқыланды.
Іс-шараның мақсаты - ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының бай мұрасын кеңінен насихаттау және «Педагог мәртебесі туралы» Заңының маңыздылығын көрсету. Абайдың білім арқылы мемлекеттілікті нығайту туралы дана сөздері мен тұжырымдары «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының орындалуына ықпал ететіні сөзсіз. Өйткені, кез-келген елдің болашағы жаңа ұрпақты тәрбиелеп, оқытатын мұғалімдердің қызметіне байланысты.
Іс-шараны Тарих және құқық институты директоры Болат Жұмағұлов ашты. Болат Жұмағұлов ғұламаның еңбектерін жастарға насихаттау маңыздылығына тоқталып, Абайға деген құрмет - ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі екенін түсіндірді. Одан кейін «Хәкім Абай» ҒЗИ директоры Жабал Шойынбет, әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков пен университеттің жастар комитетінің төрағасы Дидарбек Ділдабек сөз сөйледі. Олар көтерілген тақырыптардың маңыздылығы мен олардың ортақ екендігіне тоқталды. Оқытушылар мен студенттер белсенділік танытып шараның қорытынды бөлімінде ұлы ақынның мұрасын тереңдете оқыту барысында алынған нәтижелерді тиімді жүзеге асыру жөнінде бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|