қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2020

«Төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында тәрбие жұмысы өтті

 

2020 жылдың 3 cәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Д.С. Байсымакова «Құқықтану» мамандығының 2-ші курс студенттерімен «Төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында тәрбие жұмысын өткізді.


Тәрбие жұмысында төтенше жағдай ұғымына анықтама берілді. Қазіргі кезеңде, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілгені туралы айтылды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Төтенше жағдай туралы» заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес шығарған Қаулысына орай қандай шектеулер қойылады, төтенше жағдай режимін бұзғандарға қандай жаза қарастырылады, COVID-19 коронавирусы пандемияның алдын алу үшін не істеу керек екені туралы студенттермен талқылау жұмыстары жүргізілді.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу