қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2020

Қашықтан оқытудың тиімділігі

 

2020 жылдың 4 сәуірінде Тарих және құқық институтының доценті Ләззәт Жазылбек білім алушыларға «Қашықтан оқыту жағдайында оқу құжаттарын пайдалану» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізді.


Оқу-әдістемелік семинар аясында білім алушылар «ZOOM», «Univer», dis.kaznpu.kz жүйелеріндегі оқу- әдістемелік құжаттарды тиімді, әрі оңтайлы пайдалануды, дәрістің, семинардың тақырыбы бойынша слайдтарды демонстрациялық экранға қалай дайындап көрсетуді, ОӘК, силлабус сияқты т.б. «Univer» жүйесіндегі әдістемелік материалдарды пайдалану арқылы оқытушымен кері байланысты үздіксіз дамыта отырып, оқу мақсатына жету мәселелеріне тоқталды.


Әдістемелік семинар нәтижесінде институт білім алушылары қашықтан оқытудың онлайн режимінде «ZOOM», «DISKORD», dis.kaznpu.kz бағдарламаларын қалай қолдануды және оқу-әдістемелік құжаттарды тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерімен жүйелі түрде танысып, өздерінің сауалдарына жауаптар алды.


Білім алушылармен кері байланыс жасау нәтижесінде аталған бағдарламаларда әдістемелік құжаттарды практика жүзінде қолдана отырып, бір-бірімен тәжрибе алмасу тапсырылды.

 

   

 

   




Кері оралу