Тарих және құқық факультеті |
08.04.2020
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы қашықтан білім беруде
Абай атындағы Қазақ үлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың өкімі (http://www.kaznpu.kz/kz/2458/notice/) мен ҚР Үкіметінің «Ағымдағы жылдағы 19 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап енгізілетін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумағына адамдардың кіруін/шығуын шектеу» туралы (https:///primeminister.kz/kz/news/ob-ogranicheniyah-na-vezd-vyezd-v-iz-gorodov-nur-sultan-i-almaty-172613) шешіміне орай Тарих және құқық инcтитуты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қашықтан білім беру жүйесіне көшті.
Тарих және құқық инcтитуты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы 2020 жылы 14 наурызда ҚР Білім беру министрлігі ұйымдастырған вебинарға ұйымдасқан түрде қатысып, (https://youtu.be/RkjSF9y4l4c) қашықтан білім берудің заманауи тетіктерінің бірі ZOOM жүйесінің қыр-сырларын үйренді. 17 наурыздан бастап білім берудің ZOOM жүйесіне кафедра оқытушылары Г.Д.Рахимова, Ж.К.Мадалиева, Ш.К.Абеуова, Ф.М.Султанова, Ж.Ж.Куанышбаева, А.С.Бердалина, О.Карибаев, К.К.Кантаева өтті. Кафедрамыздың басқа оқытушылары ең қысқа уақытта осы жүйеге өтпек. Осы бағытта кафедрамыз институт көлемінде алдыңғы саптан көріне біліп, студенттеріміздің уақтылы және сапалы білім алу үрдісін жалғастыруда. Студент пен магистранттарымыз ағымдағы аралық бақылау мен емтихан кезеңіне бағытталған оқу бағдарламасын қашықтан үйреніп, білім алудың замануи тетіктерін ынталы түрде меңгеру үстінде.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|