қазақша · русский · english
 
 
 
11.05.2020

Қашықтан өткізілген халықаралық заң турнирі аяқталды

 

   

 

Осыған дейін жариялағанымыздай, Коми Республикалық мемлекеттік қызмет және басқару академиясындағы әріптестеріміз студенттерге қашықтан турнир түрінде заңгерлік білімін жетілдіру және тексеру мақсатында заң турнирін ұйымдастырған болатын. Аталған ұсынысқа 10 аса ТМД елдерінің университеттерінен студенттік командалар қатысып, соның ішінде біздің Абай атындағы ҚазҰПУ үлкен қызығушылықпен жауап берген болатын.

 

Қашықтан халықаралық заң турнирінің нәтижесі бойынша Тарих және құқық институтының «Құқықтану» мамандығының 1-ші курс студенті Нұртуған Орынша бірінші орынды иеленсе, командалық топ «Шығармашылық жаңашылдығы үшін» номинациясымен Абай атындағы ҚазҰПУ марапатталды.

 

Аталған шараны ұйымдастырушы Коми Республикалық мемлекеттік қызмет және басқару академиясына алғысымызды білдіре отырып, осындай біріккен жобалар жалғасын тауып, шығармашылық табыстар мен жетістіктерді бағындыруын тілейміз!

 

   

 

   

 

 




Кері оралу