қазақша · русский · english
 
 
 
19.05.2020

Музейлер тарихтың сырын шертеді

 

2020 жылдың 15 мамырында Тарих және құқық институты «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Э.Ж.Әзіретбергенованың ұйымдастыруымен «Музейлер сыр шертеді» тақырыбында «Есік» тарихи-мәдени қорық музейінің ғылыми хатшысы Досым Зікіриямен онлайн-кездесу өтті.

 

Кездесу барысында «Алтын Адам» жәдігерімен қазақ елін әлемге танытқан «Есік» музейің құнды жәдігерлерімен танысуға мүмкіндік туды.

 

Музей залдарынан репортаж жасаған Д.Зікірия «Алтын Адам» жәдігерінің және құнды күміс ыдыстағы әліпби тарихымен қатар археологиялық жәдігермен бірге табылған түпнұсқа заттар тарихынан мағлұмат берді.

 

Қазақстан археология тарихында ойып орын алған Б. Нұрмұхамбетовтың «Есік» музейіне сіңірген орасан зор еңбегіне де тоқталды.

 

Тарихшы студенттерді «Есік» музейіне саяхаттап, музеймен танысуға шақырды.

 

       

 

 

 




Кері оралу