қазақша · русский · english
 
 
 
07.10.2020

«Қазақты дағдарыстан патриотизм құтқарады» тәрбиелік-танымдық іс-шарасы

 

2020 жылдың 6 казанында Тарих және құқық институтының Саясаттану және әлеуметтік- философиялық пәндер кафедрасында «Қазақты дағдарыстан патриотизм құтқарады» атты тәрбиелік-танымдық іс-шара өтті. Еліміздің болашақ жастарын патриоттыққа тәрбиелеу бүгінгі күннің басты мәселесі. Жастардың санасында «мен осы елдің азаматымын, осы елдің ертеңімін, елімнің ертеңі менің қолымда» деген өзіндік көзқарастары қалыптасып, нағыз патриот, ұлттық рухы биік, отанға деген сүйіспеншілігі жоғары болса, еліміздің болашағы жарқын болады деді Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі модератор, профессор Ж.Қ. Симтиков.

 

Ж.Симтиков «Қазақстандық патриотизмнің ерекшеліктері», аға оқытушы А.Д. Мейірманов «Ұлттық санадағы елдік мүдде мен ерлік мұраттың ұштастығы», оқытушы Б.Ә. Әрмен «Патриотизмді қалай түсіну керек?» тақырыптарында және институттың 1-курс студенттері Н.Нұрамбек, Н.Әбдрей, М.Ерханқызы баяндама жасады. Студенттер арасында патриотизмді қалыптастыру мәселесі қоғамның дамуы үшін, теориялық және тәжірибелік, ой тұжырымдарымен пікір алмасты.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу