қазақша · русский · english
 
 
 
28.10.2020

Студенттер қатарына қабылдау

 

2020 жылдың 23 қазанында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті, Жастар ісі жөніндегі комитетінің жоспарына сәйкес, университетіміздің Тарих және құқық институтының 1 курс студенттеріне арналған «Менің таңдауым ҚазҰПУ» онлайн түрде студент қатарына қабылдау рәсімін өткізді.


Аталмыш іс-шараға Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары Қазына Бекбенбетова, Жастар комитетінің төрағасы Ділдәбек Дидарбек, Институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрболат Манапбаев қатысып, құттықтау сөздері мен ізгі тілектерін білдірді.


Әлеуметтік жұмыстар және жастар саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары Қазына Бекбенбетова, ант қабылдаған 1 курс студенттеріне «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» салтанатты түрде табыстады.

 

Іс-шара Zoom платформасы және университетіміздің ресми Instagram парақшаларында тікелей эфирде жүргізілді. Арнайы әзірленген бейнероликтер арқылы 1 курс студенттері институт тынысы және жастарға бағытталған жұмыстармен танысуға мүмкіндік алды.


Нұрболат Манапбаев белсенді студенттерді марапаттап, барша қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

   




Кері оралу