қазақша · русский · english
 
 
 
04.11.2020

Мәдениет және біз: ұлттық дәстүрлерді қорғау


Еліміздің танымал қайраткерлері «Мәдениет және біз» бағдарламасында Абай телеарнасының эфирінде өз ойларымен бөлісті. Осы шараға қатысқан Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков өзінің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді жаһанданудың кері әсерлерінен қорғап қалуға бағытталған ойларын білдірді. Қазіргі ұлт тәрбиесіндегі кейбір өзекті мәселелерді қозғай отырып, осы бағыттағы өзінің ойлары мен толғаныстарын айтты. Әсіресе, еліміздегі болашақ педагогтарды даярлауға деген жаңа көзқарастар аясында өзекті мәселелерді қозғады.

 




Кері оралу