қазақша · русский · english
 
 
 
30.11.2020

Мұражайлар сыр шертеді


2020 жылдың​ ​26 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ​ Тарих және құқық институтының академик Т.С.Садықов атындағы «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Эльмира Әзіретбергенованың ұйымдастыруымен «Мұражайлар сыр шертеді» тақырыбында «Әзірет -Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары тарих ғылымдарының кандидаты Мұрат Тастанбековпен​ онлайн-сұхбат өтті. Сұхбат барысында тарихы терең Түркістан шаһарымен​ ​ «Әзірет -Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы жайлы әңгіме қозғалды.


Тікелей эфир барысында экскурсия жүргізушісі Данияр Садвакосов мұражай ішіндегі көне тарихпен таныстырып, жастарды тарихы терең мәліметтермен сусындатты.


Тыңдармандар тарихи оқиғаларға толы кесене және қорық мұражайға қарасты 100-ге жуық ескерткіштер туралы тың мәліметтер алды.


Эфир соңында Мұрат Тастанбеков студенттерді көне шаһарға саяхаттауға шақырды.

 

   




Кері оралу