қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2020

«Ту - ерліктің мәні, елдіктің тұғыры» тақырыбындағы танымдық тәрбие сағаты Тұңғыш Президент күніне арналған


2020 жылдың 2 желтоқсанында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Г.Д.Рахимованың ұйымдастыруымен «Ту - ерліктің мәні, елдіктің тұғыры» тақырыбындағы Тұңғыш Президент күніне арналған танымдық-тәрбиелік эдвайзер сағаты өтті. Тәрбиелік мәнге ие іс-шарада топтың эдвайзері, аға оқытушы Г.Д.Рахимова мемлекеттік туың мәні мен рөлі туралы және Отанға деген патриоттық сезімің бастаулары жөніндегі қатынастың бастауы жөнінде терең мағлұматтар берді. Іс-шараға Тарих және құқық институтының студенттері мен магистранттары, профессор-оқытушылар құрамы қатысты. 1 курстың «Философия» мамандығының студенттері М.Шадихан, З.Қолғанатова, А.Калкөзұлы, Д.Әнуарбекова, Т.Қабділда туып өскен еліне, еліміздің көк байрағына деген патриоттық баяндамаларымен тыңдармандармен бөлісіп ерекше ықыласқа ие болды.

 

       




Кері оралу