Тарих және құқық факультеті |
05.02.2021
Жемісті жұмыстың нәтижесі
2021 жылы 3 ақпанда Тарих және құқық иститутының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры және кафедра бойынша тәрбие ісіне жауапты Жаңыл Мадалиева студенттер арасында онлайн формада өткізілген «Оқытушы студенттің көзімен» сауалнаманың нәтижесі бойынша 57,1% дауыс жинап, 2020/2021 оқу жылындағы бірінші семестрдің қорытындысына сәйкес профессор-оқытушылар құрамы арасында өткен «Семестрдің үздік қызметкері» конкурсының жеңімпазы атанды.
Жаңыл Қайыржанқызы өзі оқытатын пәндер бойынша студенттерге терең, жан-жақты білім беруге ерекше мән беретін оқытушы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жарық көрген кітаптарды 2 курс студенттеріне таныстыру мақсатында «Философия бойынша қазақ тіліндегі оқулықтардың тұсаукесері» семинар өткізгені бұған дәлел болады.
Ж.Қ. Мадалиева ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысып, Скопус басылымдарында «Patriotic Philosophy Values as a Driving Factor of Development of Kazakhstan» Utopía y praxis latinoamericana (Año: 25, n° extra 10, 2020, pp. 142-150 Revista internacional de filosofía y teoría social Cesa-fces-universidad del zulia. Maracaibo-venezuela Issn 1316-5216 / ISSN-e: 2477-9555) мақаласы жарық көрген. Сондай-ақ, ҚР БҒМ БҒСБК журналдарында «Философия тарихында құндылық идеясының қалыптасуы мен дамуы» (Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. «Әлеуметтік және саяси ғылымдар сериясы», Алматы, 2020 ж, №2(65), 271-176 бб.), «Әл-Фараби философиясындағы білім тұжырымдамасы адамгершілік ізгілік ретінде» (Адам әлемі журналы №2 (84), 20-26 бб., 2020 ж.) мақалалары жарияланған. Сонымен бірге, ол халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда бүгінгі күннің өзекті мәселелерін талқылауға қатысып, «Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні» тақырыбындағы баяндамасы Нұр-сұлтан қаласында өткен VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары жинағына кірген.
Өз ісінің білікті маманы болу әрдайым білімді жетілдіруді қажет етеді. Осыған орай қазіргі онлайн форматта білім беруге байланысты «Даму» Республикалық педагогикалық-психологиялық дамыту орталығы ұйымдастырған «Білім берудегі менеджмент: Сандық білім беру мен қашықтықтан оқудағы заманауи ақпараттық технологиялар» біліктілікті жетілдіру курсынан өтіп, өз білімін ұштай түсуде. Осындай тынымсыз еңбектің нәтижесінде Жаңыл Мадалиева мақтау қағазымен марапатталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|