қазақша · русский · english
 
 
 
01.03.2021

Team-Work: Бәріміз, біріміз үшін!

 

2021 жылдың 27 ақпанында Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Қуанышбаева Жазира, Карибаев Олжас, Кантаева Қуралай, сонымен қатар, Тарих және құқық институтының тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Манапбаев Нұрболаттың бастамаларымен студенттер Бұтакөп сарқырамасына барып қайтты. Танымдық-тәрбиелік мақсатта ұйымдастырылған іс-шараға SDFAM кафедрасының жас оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер ат салысты. Табиғатта өткізілген кездесудің бағдарламасында Hiking, Team-work ойындары және ортақ дастарханнан дәм тату шаралары қамтылды. Серуендеу барысында, студенттер табиғатты аялауды, бір-біріне деген қамқорлықты танытты, мақсатқа жету жолының оңай еместігін түсінді. Team-work ойындары кезінде қатысущылар топта табысты жұмыс істеу, бірлесе ортақ мақсатқа жете білу дағдыларын жетілдірді.

 

   

 

   




Кері оралу