Тарих және құқық факультеті |
10.03.2021
«Аналар асыл жандар» атты мерекелік кеш
2021 жылы 6 наурызда Тарих және құқық институты Т.С. Садықов атындағы «Қазақстан тарихы» кафедрасының 1-ші курс студенттерінің ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Аналар асыл жандар» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Іс-шара онлайн режимінде өткізілді. Мерекелік кешті өткізудегі мақсат институтымыздағы ұстаз апайларымыз бен ару қыздарымыздың мереке алдында көніл күйін көтеру негізінде ұйымдастырылды. Мерекелік кеште кафедрамыздың меңгерушісі Бауыржан Жангуттин әріптестері мен көрікті студент қыздарымызға, отбасыларына амандық, денсаулық және еңбекте жемісті болуларымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мерекелік іс-шарада кафедраның студенттері белсенділік танытты. Тарих мамандығының 1 курс студенті Ахмет Назираның орындауында «Ана» өлеңінің шумақтарын тарту етті. Мерекелік кеште студенттер аналарға және қыздарға арналған әр түрлі әндер мен өлең жолдарын орындап, ізгі тілектерін жеткізді. Біздің кафедрада, көктемнің алғашқы күндердің бірінде - әйелдерді осындай махаббат, сұлулық мерекесімен құттықтау дәстүрі сақталынып келе жатыр.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|