Тарих және құқық факультеті |
06.04.2021
Отан тарихының ағымдағы мәселелері талқыланды
2021 жылы 4 сәуірде «Ғылым онкүндігі» аясында Тарих және құқық институтының магистранттары мен докторанттарына ҚР ҰҒА акакдемигі, профессор М.Қойгелдиев ZООM платформасында «Отан тарихының ағымдағы мәселелері» тақырыбында ашық дәріс өтті.
Академик Мәмбет Қойгелдиев Отан тарихының қазіргі кездегі өзекті мәселелері, тарихи фактілерді ашық жазу үрдісіне шолу жасап, сонымен қатар, олардың зерттелу тарихына назар аудартып, жас мамандардың тарихқа деген қызығушылықтарын оятып, қазіргі тарих ғылымының жазылу барысы жайында баяндады.
Дәріс барысында, XX ғасырдағы Қазақ тарихының жазылуына тоқталып, Алаш қайраткерлерінің сол кездегі иедяларымен бөлісіп, ой тұжырымдады. Әсіресе қатысушылардың сауалына байланысты XVIII ғасыр мен XIX ғасырдағы қоғам, үстем тап өкілдері жайында тарихи фактілер келтіріліп, диалогтік негізде пікір алмасты.
Шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің және тағы да басқа жоғары оқу орындарының оқытушылары мен магистранттары, докторанттары қатысып, өзара пікір алмасты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|