қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2021

Академиялық жазылымды ЖОО-да оқыту ерекшелігі

 

Тарих және құқық институтында 2021 жылдың сәуір айында «Ғылым айы -2021» аясында іс-шаралар өткізілуде. 2021 жылы 8 сәуірде «Академиялық жазылымды ЖОО-да оқыту ерекшелігі» тақырыбында ғылыми вебинар өтті.

 

Вебинар спикері - «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Англиядағы Ноттингем университетінің магистрі Еділбай Оспан. Еділбай Оспан ғылыми жұмыстарды, мақалаларды ЖОО-да академиялық деңгейде қалай жазу керектігін бірнеше мысалдар келтіре түсіндіріп, сонымен қатар, шетелдің озық тәжірибелерін негізге ала баяндады.

 

Елімізде ғылыми жұмыстарды жазу кезінде көбінесе теориялық бағытқа көп көңіл бөлініп, тәжірибелік мәселелер көлеңкеде қалып қоятындығын мысалға ала отырып, жұмыс өзекті, мазмұны ашылу үшін, жазылым барысында теорияны тәжірибемен байланыстырып отырудың маңыздылығын атап өтті.

 

Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың ішінде осы салада жазылған еңбектердің бар екендігін нұсқай отырып, ол кітаптарға жеке-жеке тоқталды. Еділбай Оспан жалпы Қазақстандық ғылыми еңбектердің әлемдік аренада беделін көтеру үшін осы жағдайларға көбірек көңіл бөліп, мән беру керектігін атап өтті. Лектордың бұл сөзі тыңдаушы докторанттарға үлкен ой салды.

 

Вебинар барысында қатысушылар тарапынан Академиялық жазылым бойынша лекторға бірнеше сұрақтар қойылды және сол сұрақтарға мәнді, тұщымды жауаптар берілді.

 

  

 

  

 




Кері оралу