қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2021

Әлемдік саясаттағы Cирия мәселесі

 

2021 жылы 8 сәуірде Тарих және құқық институты «Саясаттану және әлеуметтік-филососфиялық пәндер» кафедрасы «Ғылым декадасы-2021» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің аға оқытушысы Әділбек Ермекбаевтың қатысуымен Ресей және Түркия ұстанымдары тақырыбында ғылыми вебинар ұйымдастырды.

 

Вебинарда әлемдік саясаттың өзекті мәселесіне айналып отырған Сирияның жағдайы, үкімет басшыларының ұстанымдары, Сирия мәселесіне қатысты Түркия Республикасы мен Ресей Федерациясының ұстанмдары, саяси-экономикалық мүдделері, Сириядағы діни ахуал, босқындар мәселесі сияқты маңызды сұрақтар талқыланды.

 

Вебинар жұмысына кафедраның, институттың профессор-оқытуш құрамы, магистранттар, докторанттар, «Тарих», «Дінтану», «Философия», «Аймақтану», «Саясаттану» мамандықтарының студенттері, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінен қонақтар қатысты. Вебинар қатысушылардың қызығушылығын тудырып, екі сағаттан астам уақытқа созылды.

 

  

 

  

 

  

 




Кері оралу