қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2021

«Ғылыми ойлау және көркемдік таным» ғылыми вебинары

 

2021 жылыдың 9 сәуірінде Тарих және құқық институты Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары профессор Берік Аташ және Гүлнара Рахимованың ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Ғылыми ойлау және көркемдік таным» тақырыбында ғылыми вебинар болып өтті. Ұйымдастырушылар: «Ғылым декадасы - 2021» іс-шарасы қатысушыларына алғыс білдіре отырып, тақырып аясында көптеген маңызды мәселелерді қозғады.

 

Шара барысында Г. Рахимова таным процесінің динамикасы мен құрылымы жөнінде түсіндірді. Профессор Б. Аташ қазіргі Қазақстандағы ғылым және оның даму тенденцияларын талдап тыңдармандардың қызығушылығын арттыра түсті. Ғылыми вебинарға белгілі ғалымдар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, философия ғылымдарының кандидаты Асқар Лесхан және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Бағила Таирова қатысты. Ғылыми вебинарға оқытушылар мен студенттер аса қызығушылықпен қатысты.

 

  




Кері оралу