Тарих және құқық факультеті |
21.04.2021
«Scopus, WOZ» базасына енетін халықаралық журналдарда ғылыми жұмысты жариялау әдістері» вебинары
Вебинарды ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректор Саябек Сахиев ашып, вебинар мақсатымен таныстырды. Сонымен қатар, университетіміздің жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері жөнінде ақпарат берді.
Вебинар спикерлері - «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Ермек Бөрібаев мен зерттеуші-профессор Жанна Хамзина ғылыми жұмысты дайындау барысындағы төмендегідей өзекті мәселелермен бөлісті: 1. Жарияланым үшін қандай қолжазба қолайлы? 2. Мақала құрылымы; 3. Дұрыс тұжырымдарды пайдалану жөнінде өте қызық, әрі өзекті мәселелерді ортаға салды.
Вебинар барысында профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар тақырыпқа қатысты өз сұрақтары мен ұсыныс-тілектерін ортаға салып, пікір-талас ұйымдастырды.
Вебинарға ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректор Саябек Сахиев, ғылым департаментінің өкілі, институттың профессор-оқытушылар құрамы, 70-тей докторанттар мен магистранттар және тақырыпқа қызығушылық танытқан 50-ге жуық ізденуші-ғалымдар қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|