қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2021

Әлеуметтік зерттеулерді жүргізу ерекшеліктері

 

2021 жылдың 21 сәуірінде «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының пост-докторанты Талғат Қилыбаев «Әлеуметтік зерттеулерді жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өткізді.


Вебинар барысында әлеуметтік зерттеулердің түрлері, эмпирикалық мәліметтерді жинаудың әдістері, статистикалық талдау тәсілдері мен құралдары туралы айтылып, алынған мәліметтердің шынайылығын тексеру және дәлелдеу мәселелері қарастырылды. Онлайн-кездесу соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, талқылау өткізді.


Вебинарға университет әкімшілігінің өкілдері, оқытушылар, Phd докторанттар мен магистранттар және қызығушылық танытқан ғалымдар қатысты.

 

   

 




Кері оралу