қазақша · русский · english
 
 
 
24.05.2021

«Педагогикалық білімінің өзекті мәселелері» тақырыбында жобаларды басқару топтарының отырысы

 

2021 жылғы 21 мамырда Тарих және құқық институтында жалпы даму (экономика және құқық негіздері) пәні бойынша мұғалімдерді (педагогтарды) және гуманитарлық (тарих) пәндер мұғалімдерін (педагогтарды) даярлау бағытындағы жобаларды басқару топтарының «Педагогикалық білімінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы отырысы өтті.

 

Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Асымова Дария пленарлық отырысты ашып, алғы сөз сөйледі. Абай атындағы ҚазҰПУ доценті Жазылбек Ләззәт педагог кадрларын даярлауға арналған «Педагог» кәсіби стандартындағы өзгерістер туралы айтты. Алматы қаласы № 178 КММ Лицейінің директоры Шадиев Қайрат мектеп мекемелерінде оқушылардың педагогикалық практикасын ұйымдастыру туралы ақпарат берді. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы, э.ғ.к. Исатаева Гүлжан ОҚМПУ-да педагогикалық практиканы ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы, Тарих және құқық институтының педагогикалық практикасы бойынша жауапты Көккөзова Гүлнұр Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы педагогикалық практиканың «Дуальды жүйе» бойынша өткізу тәжірибесіне тоқталды. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы № 102 жалы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исабаева Мадина мен Қ.А.Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназиясының Қоғамдық пәндер кафедрасының жетекшісі Азербаева Айнаш Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттерін мектептердегі студенттердің педагогикалық практикасын ұйымдастыру тәжірибесінен ақпарат берді.

 

Аталған іс-шараға Республиканың әртүрлі педагогикалық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар сұрақтар қойып, өз ойларын білдірді.

 

Кездесудің нәтижесін Тарих және құқық институтының қызметкерлері қорытындылап, көтерілген тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті және сала мамандарын даярлауды жетілдіру бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу