қазақша · русский · english
 
 
 
13.09.2021

Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасының бірінші курс студенттерімен кездесу


2021 жылғы 13 қыркүйекте Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы 2021-2022 оқу жылында «Құқықтану» және «Сот-прокурорлық қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша қабылданған 1-ші курс студенттерімен бейімделу аптасы негізінде кездесу ұйымдастырды.

 

Кездесуді Тарих және құқық институтының директорының орынбасары Дария Асымова ашып, 1ші -курс студенттерін құттықтап, оларға ақ жол тіледі. Кейін «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы Бақтығали Көшпенбетов сөз алып, институт тарихынан бастап, кредиттік жүйенің талаптарына, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Академиялық адалдық кодексі» ережелеріне тоқталып, әр топқа бекітілген кураторлар мен эдвайзерлер студенттермен тығыз байланыста болу керектігін түсіндірді.

 

Студенттер кездесуге белсенді қатысып, оқытушыларға сұрақтар қойды. Іс-шара белсенді және жемісті өтті.

 

   




Кері оралу