Тарих және құқық факультеті |
01.10.2021
«Кемел ойдың керуені» көрмесі
2021 жылдың 29 қыркүйегінде Тарих және құқық институты директорының Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б. Манапбаев және институт студенттері Алматы қаласындағы ҚР Орталық мемлекеттік мұражайда «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының 100 жылдығына арналған «Кемел ойдың керуені» көрмесіне қатысты.
Көрме барысында аталмыш басылымның тарихы туралы мағлұматтармен танысып, 1991 жылдың қыркүйек айынан бастап журнал жарыққа шыққан «Ақиқат» атауына ие болғандығы туралы мәліметтермен танысты.
Сонымен қоса, мұражай қызметкерлері Қазақтардың дәстүрлі мәдениетінің этнография залында, «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында және диаспоралар мәдениеті залында, «Тәуелсіз Қазақстан» залдарымен танымдық экспозияцияларымен кеңінен таныстырып өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|