қазақша · русский · english
 
 
 
13.10.2021

Академиялық басымдылық орталығын дамыту аясындағы тәжірибе алмасу сапары


2021 жылғы 9 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының ұжымы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапарда болды.

 

Іс-сапардың негізгі мақсаты - республикалық «Білімді ел» газетінде академиялық басымдылық орталығын дамыту туралы ректор Д.П. Қожамжарованың мақаласы аясында ғылыми көшбасшылық мәселесі бойынша тәжірибе алмасу.

 

Тәжірибе барысында Академиялық басымдылықтың дамуы туралы, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Роза Абишева, стратегиялық даму және интернационализациялау жөніндегі проректор Айгүл Искакова, ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор Ұлан Сүлейменов ғылыми қызмет нәтижелері, оларды өндірістік қызметке енгізу жолдары туралы, сондай-ақ университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін заманауи техникалық құралдармен жабдықталған зертханалармен таныстырды.

 

Ғылым мен өндірістің ынтымақтастығы мен Академиялық басымдылықтың дамуы туралы оқу ісі жөніндегі проректор Роза Абишева ғылым мен өндірістің байланысы туралы арнайы презентациясын ұсынды.

 

Тарих және құқық институты ұжымы М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне алғыстарын білдіріп, жаңа серпін алып қайтты.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу