қазақша · русский · english
 
 
 
14.10.2021

«SDFAM шақырады» студенттік кездесу

 

2021 жылдың 14 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Қуанышбаева Жазира, Кантаева Қуралай және Карибаев Олжас кафедра студенттерімен «Smart Students» коворкинг орталығында «SDFAM шақырады» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттермен тұлғалық даму және команда құру дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар жүргізілді. Тренингке қатысқан студенттер командалық қарым-қатынас құру дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, кездесу барысында студенттер шығармашылық әлеуеттерін көрсетті, көптеген жағымды әсер алды.

 

   




Кері оралу