қазақша · русский · english
 
 
 
18.10.2021

Сәтті сессия - басты талап!


2021 жылдың 16 қазанында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының 1 курс «Мәдениеттану», «Әлеуметтану», «Саясаттану» мамандықтарының эдвайзер-оқытушысы Айгерім Сарыбаева зум платформасында «Сәтті сессия-басты талап!» тақырыбында танымдық-тәрбие сағатын өткізді. Танымдық-тәрбие сағатында студенттердің сабаққа қатысулары, үлгерім деңгейлері мен тәртіптері қозғалды. Эдвайзер-оқытушы Айгерім Сарыбаева студенттердің алдағы І аралық бақылауды жақсы тапсыруларына сәттілік тілеп тәрбие сағатын қорытындылады.

 

   




Кері оралу