Тарих және құқық факультеті |
21.10.2021
Болашақ заңгерлердің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесуі
2021 жылдың 19 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен бітіруші курс студенттері мен магистранттары арасында «Ішкі істер органына қызметке тұру және оларды әлеуметтік қорғау» тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді Тарих және құқық институтының директоры Әділ Жүнісов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Дөңгелек үстел барысында Алматы қаласы полиция департаментінің кадр саясаты басқармасының басшысы Шелекбай Дінмұхаммед мен Алматы қаласы полиция департаментінің кадр саясаты басқарма басшысының орынбасары Жұмағұлов Бекзат сөз алып, Ішкі Істер Басқармасында анықталған нақты кадр резервін құру үшін тергеушілер мен анықтаушылардың штаттан тыс көмекшілері ретінде тәжірибелік дағдыны алуға мүмкіндік жасалғандығы, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын айтып, оның ішкі істер органдарында болашақта жұмысқа тұруға мүмкіндік беретіндігі жөнінде ақпараттар берді.
Мамандарға студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, құқық қорғау органдарының қызметіне белсенді қызығушылық танытты. Аталған іс-шара болашақта жалғасын табатын болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|