Тарих және құқық факультеті |
22.10.2021
«Айтылған тарих» ғылыми зерттеу орталығы және мектеп
2021 жылдың 19 қазанында Абай университетінің Тарих және құқық институты Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. З. Мырзатаева №174 мектеп-гимназиясының гуманитарлық пән ұстаздары мен 7-11 сынып оқушыларына «Тарихи сұхбат алу әдісі зерттеуші-оқушының шеберханасында» тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесуге қатысушылар «Айтылған тарих» зерттеу әдістері туралы сұрақтар қойып, аталған орталықтың ғылыми жобаларына қызығушылық танытты. Бұл зерттеу технологиясы оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырады, сонымен қатар олардың танымдық, коммуникативтік, ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырады.
Алдағы уақытта «Айтылған тарих» орталығы мен №174 мектеп-гимназиясы арасында ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасау жоспарлануда.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|