қазақша · русский · english
 
 
 
08.11.2021

Әлихан Бөкейхановтың саяси ұстанымдары


2021 жылдың 6 қарашасында Тарих және құқық институты «Әлем тарихы»​ кафедрасының оқытушылары Мамырбаев Дидар және Қасымов Мадиярдың ұйымдастыруымен «Әлихан Бөкейхановтың саяси ұстанымдары» тақырыбында 1-ші курс «6B01601-Тарих География»,​ 3-ші​ курс «6B01601-Тарих», 4-ші курс «5B013000-Тарих Дінтану» мамандықтарының студенттерімен диспут өткізілді.
Іс-шараға кафедраның профессор оқытушылары, студенттері қатысты. «Әлихан Бөкейхановтың саяси ұстанымдары» тақырыбында жүргізілген диспутта студенттер сөз алып, өздерінің пікірлерін қорғады. Аталмыш тақырыпта студенттер Әлихан Бөкейхановтың ел тәуелсіздігі жолында жасаған еңбектері және саяси әрекеттеріне тоқталды. Ә. Бөкейхановтың Әлем тарихындағы тәуелсіздік жолында болған күрестердің қателіктерін қайталамауға назар аударғаны және массондық ұйымға мүше болғаны туралы пікір таластар болды.


Кафедрамыздың профессор-оқытушыларынан профессор Мереке​ Төлекова​ студенттерге тарихи тұлғаларды зерттегенде шынайылықты ұстануды және олардың бойындағы ұлтқа деген қызмет етуін мінездерін үйрену керектігін түсіндірді.​ Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Рүстем Камшат​ студенттердің пікірлері мен ойталқыларына ризашылығын білдірді.

 

       

 

   




Кері оралу