қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2021

Ұстаз - ұлы есім


Ұлы ақын, ойшыл Абай: «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» десе, Қазақстанның белгілі саяси қайраткері, «Алаш» партиясының жетекшісі Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны - мұғалім,- деп текке айтпаса керек. Аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин ұлттың дамуында білімнің алатын орны ерекше екенін үнемі өзінің еңбектерінде айтып кеткен болатын. Осындай біртуар тарихи тұлғалардың айтып кеткен дана сөздерін негізге ала отырып, еліміздегі алдыңғы қатарлы педагогикалық оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жоғары білікті мамандар, ең алдымен мектеп мұғалімдерін дайындауда.


Тарих және құқық институтындағы «Әлем тарихы» кафедрасының 4-ші курс студенттері өздерінің педагогикалық практикасын қазіргі таңда Алматы қаласындағы мектептерде атқарып жатыр. Алуа Әбілқайырова алғашқылардың бірі болып №96 орта мектепте Қазақстан тарихынан ашық сабақ өткізді. Студент-практикант тәлімгерлерінің ойынан шыға білді: пән бойынша өзінің білімін және оны оқыту әдістемесін толық көрсетті.


Мектептерде ашық сабақтарды беру уақыты екі аптаға созылады. Дәл осындай практикалық жұмыстардың түрлері студенттердің болашақ мамандығына қаншалықты дайын екендігін көрсетеді. Ұстаз - ұлы есім. Оған жету үшін болашақ мамандарға терең білім, үнемі өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс және ең бастысы оқушыларға деген сүйіспеншілік қажет. Осындай қасиеттерді бойыңызға сіңіргенде ғана Сіз нағыз ұстаз бола аласыз. Сондықтан, Абай атындағы ҚазҰПУ-да педагогикалық тәжірибе жетекшілері болып ең тәжірибелі, өз ісін толық меңгерген оқытушылар тағайындалады.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу