қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2021

«Елдің Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық мемлекеттігімізді жаңғыртудағы тарихи рөлі» тәрбие сағаты

 

2021 жылдың 9 желтоқсанында Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасының эдвайзері С.Туленбергенова «6В02209-Тарих-география 2 курс студенттерімен Елдің Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық мемлекеттігімізді жаңғыртудағы тарихи рөлі» атты тәрбие сағатын өткізді. Аталған тәрбие сағатына кафедра меңгерушісі Рүстем Камшат Молданқызы мен профессор К.А. Сутеева қатысты.


Іс-шараны профессор К.А. Сутеева және Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Рүстем Камшат ашып берді. Олар студенттерге Тәуелсіздіктің мәне мен оның алдындағы тарихи оқиғалар туралы айтып берді. Студенттер Мамутова Жансая, Меийргали Дана, Амангелди Хамза, Абусагиев Махамбет және Давлетов Ерсултан «Елдің Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық мемлекеттігімізді жаңғыртудағы тарихи рөлі», «Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры» және «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның жаңа астанасын құрудағы рөлі» тақыдарыбын дайындаған презентациясы мен өз баяндамаларын жасады.


Шара барысында студенттер баяндамаларды талқылауға белсене қатысты, сонымен қатар Тәуелсіздік қорытындылары туралы өз пікірлерін білдірді. Шара соңында профессор К.А. Сутеева қорытындылап, студенттермен естелік суретке түсті.

 

   

 

   




Кері оралу