қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2021

Сот процесі болашақ заңгерлердің көзімен

 

2021 жылдың 14 желтоқсанында Құқықтану кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Кенжибекова Эльмираның ұйымдастыруымен, «Қазақстан республикасының қылмыстық процесі» оқу курсының соңғы сабағында студенттер сот процесін өткізумен қорытындылады.

 

Сот процесінде Құқықтану мамандығының 3-курс студенттері ролдік ойындар формасында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық істі қарады. Студенттер сот, прокурор, адвокат, жәбірленуші, айыпталушы, куә ролдерін ойнап, сабақ барысында өз ойларын еркін жеткізе білді.

 

Пән оқытушысы Кенжебекова Эльмира студенттерге бағыт-бағдар беріп, теорияны тәжірибемен байланыстырудың маңыздылығын айтты.

 

   

 

   




Кері оралу