қазақша · русский · english
 
 
 
15.12.2021

Тарих және құқық институтының ұжымына алғыс

 

2021 жылдың 14 желтоқсанында «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Бөрібаев Ермек Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Тарих және құқық институты ұжымының профессор-оқытушылар құрамына өз атынан Алғыс хат жолдады.  

 

Ермек Әбілтайұлының алғыс хатын институт директоры - профессор Джунусов Әділ институттың ҚР БжҒМ, халықаралық, университеттік жобалары бойынша және ғылым мен мәдениеттің үздік жетістіктерін меңгерген жаңа ұрпақ қалыптастырып, ғылым бағытындағы маңызды міндеттерді атқарып жүрген институт ұжымына табыстады.

 

Тарих және құқық институтының директоры Әділ Мәуленұлы Университет басшылығының ресми қоғамдық бағалары профессор-оқытушылар қауымының ғылыми-педагогикалық жұмыста одан әрі жетістікке жетуге, сондай-ақ заманауи білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге ынталандыратындығын айтып, ұжымды көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай - деп ізгі тілегімен кездесуді қорытындылады.

 

   




Кері оралу