қазақша · русский · english
 
 
 
20.12.2021

«Жақсылық жасау әркімнің қолынан келеді» қайырымдылық іс шарасы 


2021 жылдың 18 желтоқсанында Жастардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Жақсылық жасау әркімнің қолынан келеді»  қайырымдылық іс шарасы негізінде Тарих және құқық институты «Құқықтану» мамандығының 203, 204 және 304 топтың студенттері топ эдвайзері аға оқытушы А.О. Қасымбектің жетекшілігімен Алматы қаласындағы «Доброе сердце» қарттар үйіне барып қайтты.


Студенттерөздерініңшағынконцерттікбағдарламасы мен азын-аулақ сыйлықтарын алып барып, қолдарынан келгенше мейірімділікпен қариялардың көңілдерін аулауға тырысты.


Бұл маңызды игі іске студенттер мен қатар «Құқықтану» кафедрасының ПОҚ-да белсенді атсалысып қарттарға азық-түлік алуға қаржылай көмек көрсетті.

 

   




Кері оралу