Тарих және құқық факультеті |
27.01.2022
Тарих және құқық институтының оқытушысы - «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты атанды
Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Әлия Қасымбек халықаралық «Болашақ» бағдарламасының иегері атанды.
Қасымбек Алия Орынбасарқызы -2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы ҚазҰПУ -дың Тарих және құқық институты құқықтану кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келеді.
1998-2002 жылдары «Қазақтың ата заңдары» творчестволық топ құрамында ҚР ҰҒА академигі С.З. Зимановтың басшылығымен авторлық ұжымның кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс жасады. 1999-2011 жылдар аралығында ҚР ҰҒА академигі С.З. Зимановтың редакциясымен шығарылған 10-томдық «Қазақтың ата заңдары» атты энциклопедиялық еңбектің 1-ші томының авторлар ұжымының құрамында болды.
1998-2002 жылдары ҚР ҰҒА Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер ретінде С.З. Зимановтың ғылыми-зерттеу жұмыс тобында қызмет атқарды. 2001-2007 жж. аралығында Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.
Қасымбек Алия үлкен жауапкершілігі мен жұмысқа деген қабілетінің негізінде, 2007 жылдан бері аталған Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институтында білім алушыларға сапалы білім беруде.
50-ден астам ғылыми мақалалары бар, оның ішінде 5 ғылыми мақаласы СКОПУС базасына кіретін шетелдік басылымнан шыққан. Хирша индексі - 2.
Алдағы уақытта, Алия Орынбасарқызы, Ұлыбританияның Бат университетінде тағылымдамадан өтетін болады. Әріптесімізге сәт-сапар тілей отырып, білім беру саласында үлкен жетістіктерді бағындыратынына сеніміміз мол!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|