қазақша · русский · english
 
 
 
18.02.2022

Кітапхана - білімнің көзі, кітапханашы оның тірегі

 

Институт кітапханасы білім кеңістігінің маңызды буыны болып табылады. Студенттер үшін кітапханада ақпараттық қызмет көрсету пункттерімен (абонемент), электронды кітапхана ресурстармен, дерекқорлармен тиімді жұмыс жасау маңызды. Осы негізде университетіміздің Ғылыми кітапхана өкілдері «Институт күндері» апталығы аясында 2022 жылдың 17 ақпанында Тарих және құқық институтының оқу залында институт білім алушыларымен және білім беру бағдарламаларының авторларымен кездесу өткізді.

 

Іс-шараның мақсаты - жаңа түскен әдебиеттермен таныстыру көрмесі; білім беру бағдарламасы бойынша әдебиеттермен қамту жайында мағлұматтар беру; электронды тіркелу және мәліметтер қорын қолдану туралы ақпарат беру; электронды кітапхана ресурстарын пайдалану мүмкіншілігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

 

Кездесуге университетіміздің ғылыми кітапхана өкілдері - жинақтау және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Г.Ж. Ақымжан, ақпараттық технология бөлімінің меңгерушісі А.А. Атантаева, кітапхана қызметкерлері Касымова З., Байжунусова Л., Даркен А., Тарих және құқық институтының кітапханашысы Майкотова К. Олар студенттерге кітапханалардың мәні, олардың жұмыс бағыттары туралы мағлұмат берді және мұндай мекемелердегі жұмыс ережелерімен таныстырды, білім көздеріне, әсіресе қағазға мұқият қарауды еске салды.


Кездесу барысында А.А. Атантаева мәлімет қорларын қолдану, каталогқа тіркелу, электронды кітапхана ресурстарын пайдалану мүмкіншіліктері туралы, Л.Байжунусова білім беру бағдарламасы бойынша әдебиеттермен қамту жайында, ТжҚ институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары М.Муратказин институттың профессор-оқытушыларының жаңадан шыққан ғылыми еңбектерімен, оқулықтарымен таныстырды.

 

Іс-шара нәтижесінде білім алушылар электронды кітапхана ресурстарымен, мәліметтер қорын тиімді қолдану жолдарымен, каталогтармен жұмыс істеу тәртібімен, анықтамалық және библиографиялық басылымдар қорымен қалай жұмыс істеу керектігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

«Институт апталығы» аясында ұйымдастырылып отырған іс-шараның маңызы өте жоғары болды. Бұл апталықтан, білім алушылар 21 ғасырдағы білім мен дағдыларын, кітапханамыздың құндылықтарын меңгеруде ақпараттық мәдениеттің қайнар көзі кітапханадан табылатындығына тағы бір рет көздері жетіп, өз ризашылықтарын білдірді.

 

Университетіміздің кітапхана басшылығы мен қызметкерлдеріне Тарих және құқық институты ұжымы және білім алушылары атынан алғыс білдіреміз.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу