қазақша · русский · english
 
 
 
21.02.2022

Ел ертеңі - табиғатты аялай білетін ұрпақ қолында!

 

2022 жылдың 20 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б. Манапбаев пен саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының тәрбие жетекшілері А.Б. Агибаев, Ұ.Қ. Арипжанова, Ә.Қ. Батырханова және институттың студенттік кеңес мүшелері «Ел ертеңі - табиғатты аялай білетін ұрпақ қолында!» тақырыбында Алма-Арасан тау шатқалына саяхат ұйымдастырды.

 

Шара барысында студенттер өздерінің сегіз қырлы, бір сырлы екендігін дәлелдеп, ән айтылды, би билеп, домбыра, гитара аспаптарында ойнап,керемет атмосфераны қалыптастырды. Студенттер таудан сырғанап, алтыбақан ойнап, қызықты сайыстар өткізілді. Жүлделі орындарға ақшалай сыйлықтар берілді. Сонымен қатар бұл саяхатқа басқа институт студенттері де қатысып, институттар арасындағы достық қарым-қатынасты одан ары нығайта түсті. Демалыс күніндегі таза ауада өткен серуен, саяхаттау аптаның жемісті басталуының кепілі.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу